Елена Рыбакина Нинбодағы турнир алдында мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымның соңғы кезеңіндегі мақсаттары және Қытайдың Нинбо қаласындағы турнирге қайта оралуы туралы айтты, деп жазады Sports.kz.

Елена Рыбакина
Фото: ҚТФ

— Ең алдымен, мұнда қайта оралғаныма қуаныштымын. Бұл турнирден керемет естеліктерім бар. Тағы да жеңіске жетемін деп үміттенемін. Оны уақыт көрсетеді, — деді Елена Рыбакина.

Теннисші ең маңыздысы — маусымды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтауға тырысу екенін айтты.

— Алдағы екі аптада бар күшімді салуым керек. Биылғы маусым сәтті өтті, бірақ сонымен бірге ұзаққа созылды. Сондықтан қазір денсаулығыма баса назар аударып, физикалық жүктемені, матчтарды және басқа да міндеттерді дұрыс үйлестіруге тырысып жүрмін. Маусымның соңғы кезеңін жоғары деңгейде өткізгім келеді, — деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.

WTA 500 санатындағы Нинбо турнирі 19 қазанда басталып, 25 қазанда аяқталады. Рыбакина жарысқа былтырғы чемпион ретінде қатысады. Өткен жылы ол финалда ресейлік Екатерина Александровадан 3:6, 6:0, 6:2 есебімен басым түсіп, турнир жеңімпазы атанған.

Айта кетейік, 19-25 қазан аралығында өтетін Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды.