Елена Рыбакина Рим турнирінің үшінші айналымына шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Рим (Италия) WTA 1000 турнирін сәтті бастады.

Жарысты екінші айналымнан бастаған Е.Рыбакина әлемнің 63-ракеткасы, германиялық Ева Лиспен кездесті.
Бірінші партияда германиялық спортшы 4:2 есебімен алға кеткенімен, Елена таразы басын теңестірді. Содан кейін тай-брейкте жеңістік берген жоқ – 7:6 (7:3).
Екінші сетте есеп 2:2 болғаннан кейін Рыбакина дес бермеді – 6:2.
Бір сағат 25 минутқа созылған матчта Е.Рыбакина 4 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Е.Лис 1 эйс, 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.
Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 19-ракеткасы, хорватиялық Донна Векич немесе рейтингіде 121-орындағы канадалық Бьянка Андреескудің қай жеңгенімен таласады.
Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 11-орынға көтеріліп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Жапонияда жарыстың 1-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шыққанын жазған едік.