Елена Рыбакина жарақатына байланысты Токио турнирінің жартылай финалынан тыс қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның және әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио (Жапония) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

Елена Рыбакина
Фото: ҚТФ

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингіде 23-орындағы канадалық Лейла Фернандеспен ойнауы тиіс еді. 

Алайда Е.Рыбакина бәсеке алдында жарақаты бар екендігін мәлімдеп, матчқа қатысудан бас тартты. 

Өткен аптада қазақстандық спортшы Нинбо (Қытай) WTA 500 додасының финалында Л.Фернандесті 6:2, 6:2 есебімен жеңген еді. 

Осылайша, Л.Фернандес ойнамастан жартылай финалға жолдама алды. Ол финалға шығу үшін әлемнің 66-ракеткасы, өзбекстандық, түбі ресейлік Камилла Рахимовамен таласады.

К.Рахимова ширек финалда рейтингіде 94-сатыдағы аустралиялық Майя Джойнтты қапы қалдырды – 7:5, 5:7, 6:1.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Токио турнирінде Путинцеваны жеңген Рыбакинаның ширек финалға шыққанын жазған едік. 

Сондай-ақ Елена Рыбакина жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайтыны өзі үшін үлкен қуаныш екендігін айтты.