Елена Рыбакинаға ММА стиліндегі чемпиондық белбеу табысталды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейін ерекше естелік сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Оған ММА және рестлинг жарыстарының жеңімпаздарына табысталатын жүлделер стилінде жасалған чемпиондық белбеу берілді.
Марапаттау рәсімінің кадрларын шетелдік порталдың Instagram парақшасында жариялады.
Алтын түсті белбеуге Рыбакинаның есімі мен US Open турнирінің эмблемалары бейнеленген.
Мұндай белбеулер америкалық «Үлкен дулыға» турнирінің дәстүрлерінің біріне айналған. Ұйымдастырушылар Нью-Йорктегі жарыстың жеңімпаздарына жыл сайын жекпе-жек спортындағы чемпиондық жүлделерге ұқсатып жасалған естелік белбеу табыстайды.
Бұған дейін мұндай жүлдеге Арина Соболенко, Коко Гауфф және US Open турнирінің басқа да жеңімпаздары ие болған.
Нью-Йорктегі жеңіс Рыбакинаға «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші чемпиондық атағын әкелді. Қазақстандық теннисші бұған қоса 5,5 млн доллар көлемінде жүлде қорының иегері атанып, мансабында алғаш рет WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанды.
Айта кетейік, Елена Рыбакина өзінің кәсіби спортшы ретінде қалыптасуында Қазақстанның рөлі туралы айтты.