Елена Рыбакинаның Штутгарт турниріндегі қарсыласы анықталды

рыбакина
Фото: lenarybakina/Instagram

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакинаның Штутгарт (Германия) WTA 500 турниріндегі қарсыласы анықталды.

Осы аптада 15-21 сәуір аралығында өтетін жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші доданы екінші айналымнан бастайды.

Е.Рыбакина әлемнің 19-ракеткасы, ресейлік Вероника Кудерметова немесе рейтингіде 24-орында тұрған чехиялық Барбора Крейчикованың қай жеңгенімен кездеседі.

Бұлардың қай-қайсысы да оңай шағылатынын жаңғақ емес. 

Өткен жылы Рыбакина Штутгартта екінші айналымнан аса алмаған болатын. Биыл сол көрсеткішін жаңартатындай мүмкіндігі бар. 

Штутгарт турнирі 2024 жылы топырақ төсенішіндегі алғашқы жарыс болмақ.

Онда әлемнің алғашқы үштігіне кіретін Польша өкілі Ига Швентек, белоруссиялық Арина Соболенко және америкалық Кори Гауфф өнер көрсетеді. 

Бүгін жаңартылған WTA рейтингісінде Е.Рыбакина мен Юлия Путинцеваның орындары өзгерген жоқ. Ю.Путинцева 50-сатыда тұр.

Жұптық сында Анна Данилина — 54, Жібек Құламбаева 124-орында қалса, Ю.Путинцева 364-тен 365-ке төмендеді.

Е.Рыбакина 547-ден 543-ке көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Соня Жиенбаеваның Түркиядағы турнирдің чемпионы атанғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар