Елена Рыбакина әлемдегі үздік жиырма теннисшінің қатарына қайта енді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдегі үздік жиырма теннисшінің қатарына қайта енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Е.Рыбакина 21-ден 20-орынға көтерілді.
Юлия Путинцева 42-ден 43-ке сырғыса, Зарина Дияс 101-сатыда қалды.
Дүниежүзілік рейтингте аустралиялық Эшли Барти бұрынғыша көш бастаса, жапониялық Наоми Осака екінші, румыниялық Симона Халеп үшінші орында келеді.
Ерлер арасында Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик те 39-дан 38-сатыға, Михаил Кукушкин 106-дан 105-ке жоғарылады. Дмитрий Попко 187-орында тұр.
Үздік үштікте – сербиялық Новак Джокович, ресейлік Даниил Медведев, испаниялық Рафаэль Надаль.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшінің Украинада өткен турнирдің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.