Елена Рыбакина Аустралиядағы жарыста жеңіліп қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида-2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші әлемнің 16-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен кездесіп, 3:6, 5:7 есебімен есе жіберді.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина 7 эйспен ғана көзге түсті. Қарсыласы 5 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик те Окленд (Жаңа Зеландияя) АТР 250 жарысында жеңіліс тапты.

Ол алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 53-орында тұрған бельгиялық Давид Гоффенге 3:6, 4:6 есебімен жол берді.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында А.Бублик 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Д.Гоффен 1 эйспен бірге 6 брейк-пойнтты мүлт жіберген жоқ.

Ертең Е.Рыбакина мен А.Бублик осы додаларда жұптық сында өнер көрсетеді. Содан кейін Аустралия ашық чемпионатына дайындықты бастайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Хобарт турниріндегі қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик Жаңа Зеландиядағы жарыста бақ сынайды.

Фото: ktf.kz

Соңғы жаңалықтар