Елена Рыбакина бір жылда үш бірдей ірі жарыстың финалына шыққан алтыншы теннисші атанды

None
Фото: twitter.com/OptaAce
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина бір жылда Аустралия ашық чемпионаты, Индиан-Уэллс және Майами турнирінің финалына шыққан алтыншы теннисші атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

OptaAce сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Елена Рыбакина атақты теннисшілер Моника Селеш, Штеффи Граф, Линдси Дэвенпорт, Мартина Хингис және Мария Шарапованың бірегей жетістігін қайталап отыр.

Атап айтқанда, Моника Селеш 1991, Штеффи Граф 1994, Мартина Хингис пен Линдси Дэвенпорт 2000, Мария Шарапова 2012 жылы Аустралия ашық чемпионаты, Индиан-Уэллс, Майами жарыстарының финалына шыққан еді.

Елена Рыбакинаның чехиялық Петра Квитовамен Майамидегі финалдық матчы 2 сәуірге қараған түнде Астана уақытымен сағат 01.00-де басталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Майамиде әлемнің үшінші ракеткасын жеңіп, финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина тай-брейк пен эйс жөнінен бірегей нәтижеге қол жеткізді.

Елена Рыбакина тапқан табысы жөнінен әлемде көш басына шықты.

Елена Рыбакина Майами турнирінің финалына шыққанына қуанышты екендігін жеткізді.

Елена Рыбакинаның Майами финалындағы қарсыласы анықталды.


Соңғы жаңалықтар
telegram