Елена Рыбакина Дубайдағы командалық турнирдің жеңімпазы атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өткен World Tennis League (WTL) командалық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина «Қаршығалар» (Hawks) тобында өнер көрсетті.

Бұл топта сондай-ақ Александр Зверев, Доминик Тим және Анастасия Павлюченкова ойнады.

Жарыс барысында қазақстандық теннисші қарсыластарының бәрін де ұтты. Соның ішінде әлемнің бірінші ракеткасы, поляк қызы Ига Свентек те бар.

Енді Елена Рыбакина жаңа жылдағы додаларға қатысу үшін Аустралияға жол тартады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дубайда әлемнің бірінші ракеткасын қапы қалдырғанын жазған болатынбыз.


Фото: ktf.kz




Соңғы жаңалықтар