Елена Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат БОРТ №1 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, 9 шілде күні Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінде жеңіске жетті.

Осы жеңісімен спортшыны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Е.Рыбакина жеңіс үшін бар күшін салғанын айтып, ағынан жарылды.

Букмекерлер Уимблдон финалында Елена Рыбакинаның қарсыласын фаворит деп таныған болатын.

Соған қарамастан ол Уимблдон турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстан Президенті Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады.

Сондай-ақ Е. Рыбакина қазақстан теннис Федерациясының сыйақысын алудан бас тартты. Мұны дарынды спортшы қаржыны қайырымдылыққа, Қазақстанның жас спортшыларын қолдауға жұмсағысы келетінімен түсіндірді.







Фото: Reuters



Соңғы жаңалықтар