Елена Рыбакина Майамиде 70-ке жуық эйс жасап, теннис тарихында рекорд жасады

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирі барысында 70-ке жуық эйс жасап, теннис тарихында рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш мастерс жарысы барысында қазақстандық теннисші барлығы алты кездесу өткізді.

Е.Рыбакина ресейлік Анна Калинскаямен ойында 14, испаниялық Паула Бадосамен бәсекеде 12, бельгиялық Элиза Мертенспен және италиялық Мартина Тревизанмен жекпе-жекте 10-10-нан, америкалық Джессика Пегуламен матчта 11 және Петра Квитовамен финалда 12, барлығы 69 эйске қол жеткізді.

Осыған дейін мастерс додасында мұндай нәтижеге ешкім жеткен емес.

Марапаттау кезінде Е.Рыбакина өзін қолдаған жандардың бәріне, өз командасына алғысын білдіріп, келесі жылы Майамиге оралатынын айтты.

Кейін әлеуметтік желідегі парақшасында: «Бүгін ауыр күн болды, екінші орын, дегенмен Майамидегі екі аптаны тұтастай алғанда, оңды өзгеріс көп. Барлығына қолдағаны үшін мың алғыс. Енді аздап демалғаннан кейін топырақ төсенішіндегі маусымға дайындалатын боламын», деп жазды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннисші Жібек Құламбаеваның Түркиядағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Майами турнирінің финалында жеңіліп қалды.

Майами турнирінің финалисі Елена Рыбакина қанша табыс тапқаны белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар