Елена Рыбакина өзін «Ресейдің дайын өнімі» дейтіндерге жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші, Уимблдон – 2022 чемпионы Елена Рыбакина өзін «Ресейдің дайын өнімі» дегендерге жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазақстанға ауысқанда мен юниор болдым. Юниорды дайын өнім деп айтуға болмайды. Оның үстіне юниордан кәсіби деңгейге өту өте қиын. Ол үшін жақсы команда болу керек. Кәсіби спортқа көшіп, одан әрі сәтті жалғастыру екінің бірінің қолынан келмейді. Санаулы адам ғана шыңға шыға алады. Бұл тұрғыда маған сәті түсті. Сондықтан дайын өнім дегенмен келіспеймін», - деді Елена Рыбакина елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, тілшілер спортшыдан болашақта Ресейге қайта оралуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді.

«Қазір айта алмаймын. Биыл Ресейде ешқандай турнир жоспарланып жатқан жоқ. Мен Ресейдің атынан ойнаймын ба оны жағдай көрсетеді. Яғни бәрі жоспарға байланысты. Дәл қазір иә, жоқ деп айта алмаймын», - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін спортшы «Мен Қазақстан азаматымын», - деп мәлім етті.

Сондай-ақ, Уимблдон – 2022 турнирінің жеңімпазы жарыстан алған сыйақының бір бөлігін жануарларды қорғауға жұмсайтынын айтты.

Одан бөлек, Елена Рыбакина Қазақстанның атынан өнер көрсетуіне қатысты пікір білдірді.



Соңғы жаңалықтар