Елена Рыбакина Сан-Диего турнирінде әлемнің экс-бірінші ракеткасымен ойнайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Сан-Диего (АҚШ) WTA 500 турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің екі дүркін чемпионы, қазір дүниежүзілік рейтингіде 13-орында тұрған испаниялық Гарбинье Мугурусамен ойнайды.
Биыл Е.Рыбакина Цинциннати додасында Г.Мугурусаны 6:3, 6:1 есебімен ұтқан болатын.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Сан-Диегода іріктеу сайыстарынан аса алмады.
Ю.Путинцева іріктеу сайыстарының жартылай финалында рейтингіде 195-сатыдағы америкалық Луиза Чирикоға жол берді - 5:7, 6:1, 4:6.
Еске сала кетейік, теннисші Тимофей Скатов Италиядағы турнирдің финалына шықты.
Новак Джокович Астана жарысының финалында өнер көрсетеді.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Чехиядағы турнирдің финалына өте алмады.
Фото: sports.kz