Елена Рыбакина Үлкен шлем турнирінде қанша табыс тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісі үшін $2 млн табыс тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Елена Рыбакина Үлкен шлем турнирінде қанша табыс тапты

Төменде спортшының Үлкен шлем турнирлерінде өнер көрсеткені үшін алған барлық гонорары көрсетілген. Ол барлығы 3 745 108 доллар табыс тапқан.

«Ролан Гаррос»-2019: бірінші айналым, $ 40 000

US Open-2019: бірінші айналым, $ 58 000

Australian Open-2020: үшінші айналым, $ 124 138

US Open-2020: екінші айналым, $ 100 000

«Ролан Гаррос»-2020: екінші айналым, $ 84 000

Australian Open-2021: екінші айналым, $ 115 500

«Ролан Гаррос»-2021: ширек финал, $ 283 500

Уимблдон-2021: 1/8 финал, $ 211 770

US Open-2021: үшінші айналым, $ 180 000

Australian Open-2022: екінші айналым, $ 102 200

«Ролан Гаррос»-2022: үшінші айналым, $ 126 000

Уимблдон-2022: титул, $ 2 320 000

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA әлемдік рейтингінде 23-ші орын) Ұлыбританияның ашық чемпионатының финалында Тунис өкілі және WTA рейтингінде әлемнің екінші ракеткасы Онс Жабермен кездесуде үш сетте жалпы есеппен 3:6, 6:2, 6:2 жеңіске жетті. Кездесу бір сағат 50 минутқа созылды. Елена Рыбакина турнирдегі жеңісі үшін Қазақстан Теннис федерациясының сыйлығынан бас тартып, қайырымдылыққа жұмсауды сұрады.