Елена Рыбакина үлкен WTA турниріне қатыса алмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы WTA турнирі Уимблдон чемпионы, қазір рейтингте 24-ші орында тұрған Елена Рыбакинасыз өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Шредингер спорты» Telegram каналына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы екінші айналымда әлемнің бесінші ракеткасы мен Гвадалахарадағы (WTA-1000) турнирдің үшінші ракеткасы америкалық Джессика Пегуледен жеңіліп қалды.
2 сағат 5 минутқа созылған кездесу 6:2, 3:6, 6:7 (8) есебімен аяқталды. Америкалық теннисшінің келесі қарсыласы канадалық Бианка Андрееску (59) болмақ.
Фото: ktf.kz