Елена Рыбакина US Open чемпионын оңайлықпен жеңді

МОНРЕАЛЬ. ҚазАқпарат - Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Монреальда (Канада) WTA 1000 санатындағы турнирдің 1/8 финалында матч өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтьеме жасап.

Елена Рыбакина US Open чемпионын оңайлықпен жеңді
Фото: ktf.kz

Әлемнің төртінші ракеткасы Рыбакина осы кезеңдегі қарсыласы – WTA рейтингінде 38-орында тұрған АҚШ спортшысы, US Open-2017 чемпионы Слоан Стивенс. Бірінші сет Еленаның пайдасына 6:3 есебімен аяқталды. Ойынның екінші партиясында Рыбакинаның оң жақ иығындағы проблемаларға байланысты оған медициналық тайм-аут қажет болды, бірақ ол көп ұзамай ойынға оралып, матчты 6:3 есебімен жеңіспен аяқтады.

Ширек финалда Рыбакинаның қарсыласы әлемнің 14-ракеткасы ресейлік Дарья Касаткина болмақ. Бұған дейін екінші айналымда Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 584-орында тұрған американдық Дженнифер Брэдиді тартысты кездесуде жеңіп шықты. Есеп - 6:7, 7:6, 6:3.