Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі позициясынан айырылады
Қазақстанның алғашқы ракеткасы және Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатынан (US Open) кейін WTA рейтингінде төмен сырғиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
US Open қорытындысы бойынша америкалық теннисші Джессика Пегула қазақстандық спортшыны рейтингте басып озбақ. Өйткені ол 90 балл артық жинаған. Ал Рыбакина бесінші қатардан көрінетін болады.
АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымында қазақстандық румын теннисшісі Сорана Кырстядан жеңілді.