Елена Рыбакина жұптық сайыста WTA рейтингінің үздік жүздігінен кірмей қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сында әйелдер спортшылары рейтингісінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Елена Рыбакина жұптық сайыста WTA рейтингінің үздік жүздігінен кірмей қалды

Үздік үштік өзгеріссіз қалды. Поляк ракеткасы Ига Свентек көш бастаса, екінші орында тунистік Онс Жабер, үшінші орында эстон теннисшісі – Анетт Контавейт.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 26-шы орында қалды. Юлия Путинцева бұрынғыша 47-ші орында.

Жұптық жарыста чех спортшылары Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова, сондай-ақ бельгиялық Элиза Мертенс – ең мықты теннисшілер. Қазақстандық Анна Данилина 21-орынды сақтап қалды. Рыбакина үш позицияға төмен түсіп, 102-ші болды.


Фото: sports.kz