Елена Рыбакинаның Берлинде өтетін турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды

БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Берлинде (Германия) өтетін WTA 500 турниріндегі алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Елена Рыбакинаның Берлинде өтетін турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды

Бірінші айналымдағы кездесуде Рыбакина 20 жастағы ресейлік Полина Кудерметовамен (WTA рейтингінде 141-орында) ойнайды.

Кудерметова финалдық іріктеуде Швейцария өкілі Сюзан Бандеччиді (388-орын) жеңіп, Берлиндегі турнирдің негізгі жеребесіне өткен.

Bett1open турнирі Берлинде 19-25 маусым аралығында өтеді.