Елена Рыбакинаның Штутгарт турниріндегі қарсыласы анықталды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 65-орында тұрған германиялық Юле Нимайермен өткізеді.
Жарыстың өткен жылғы чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек доданы екінші айналымнан бастайды. Сол секілді әлемнің 2-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенко екінші айналымда чехиялық Барбора Крейчикова немесе ресейлік Людмила Самсонованың біреуімен шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, алғашқы айналымда мынадай жұптар өзара сынға түседі:
Екатерина Александрова (Ресей) – Донна Векич (Хорватия),
Каролина Плишкова (Чехия) – Мария Саккари (Грекия, 8),
Елена Остапенко (Латвия) – Эмма Радукану (Ұлыбритания),
Кори Гауфф (АҚШ) – Вероника Кудерметова (Ресей),
Петра Квитова (Чехия) – Анастасия Потапова (Ресей),
Дарья Касаткина (Ресей, 7) – Паула Бадоса (Испания).
Топырақ төсенішінде өтетін Штутгарт жарысының жүлде қоры – 780 637 АҚШ доллары. Турнир жеңімпазы 120 150 доллар табыс тауып, 470 рейтингілік ұпайға қол жеткізеді. Қазақстанның ерлер арасында бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Бублик 17-23 сәуір аралығында болатын Барселона ATP 500 жарысында өнер көрсетеді. Оның бастапқы қарсыласы – әлемнің 38-ракеткасы, финляндиялық Эмиль Руусувуори.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жеңісін барлық қазақстандықтарға арнайтынын жазған едік.
Сондай-ақ, Ярослава Шведова Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына жолдама алуы зор қуаныш екендігін айтты.