Елена Рыбакинаның Штутгарт турниріндегі қарсыласы анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Германияның Штутгарт қаласында WTA 500 сериясы бойынша 17-23 сәуір аралығында өтетін Porsche Tennis Grand Prix Stuttgart 2023 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 65-орында тұрған германиялық Юле Нимайермен өткізеді.

Жарыстың өткен жылғы чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек доданы екінші айналымнан бастайды. Сол секілді әлемнің 2-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенко екінші айналымда чехиялық Барбора Крейчикова немесе ресейлік Людмила Самсонованың біреуімен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, алғашқы айналымда мынадай жұптар өзара сынға түседі:

Екатерина Александрова (Ресей) – Донна Векич (Хорватия),

Каролина Плишкова (Чехия) – Мария Саккари (Грекия, 8),

Елена Остапенко (Латвия) – Эмма Радукану (Ұлыбритания),

Кори Гауфф (АҚШ) – Вероника Кудерметова (Ресей),

Петра Квитова (Чехия) – Анастасия Потапова (Ресей),

Дарья Касаткина (Ресей, 7) – Паула Бадоса (Испания).

Топырақ төсенішінде өтетін Штутгарт жарысының жүлде қоры – 780 637 АҚШ доллары. Турнир жеңімпазы 120 150 доллар табыс тауып, 470 рейтингілік ұпайға қол жеткізеді. Қазақстанның ерлер арасында бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Бублик 17-23 сәуір аралығында болатын Барселона ATP 500 жарысында өнер көрсетеді. Оның бастапқы қарсыласы – әлемнің 38-ракеткасы, финляндиялық Эмиль Руусувуори.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жеңісін барлық қазақстандықтарға арнайтынын жазған едік.

Сондай-ақ, Ярослава Шведова Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына жолдама алуы зор қуаныш екендігін айтты.


Соңғы жаңалықтар
telegram