Елена Рыбакинаның Торонто турниріндегі келесі қарсыласы белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы және Ұлыбритания Ашық чемпионатының 2022 жылғы жеңімпазы Елена Рыбакинаның Торонто (Канада) турниріндегі келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Елена Рыбакинаның Торонто турниріндегі келесі қарсыласы белгілі болды

Финалдың 1/16 кезеңінде қазақстандық теннисші америкалық спортшы Кори Гауффпен кездеседі. АҚШ теннисшісі қазіргі сәтте әлемдік рейтингіде 11-орында тұр.

Бұған дейін Елена Рыбакина үш сағатқа созылған ауыр матчта Чехия өкілі Мария Боузкованы үш сетте ұтса, Гауфф отандасы Мэдисон Бренглді екі сетте жеңіп кетті.



Фото: sports.kz