Елеусінов америкалық боксшымен жекпе-жегінің алдында мәлімдеме жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов америкалық Решард Хикспен жекпе-жектің алдында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Нью-Йоркке, Madison Square Garden-ге, промоутерім Эдди Хирнге және менеджерлеріме «Бокстың Меккесінде» жұдырықтасу мүмкіндігі үшін алғыс айтамын. Мен сіздерге шеберлігім мен ақылымды жұма күні кешкісін көрсететін боламын. Көріскенше!» - деді Елеусінов.

Елеусінов-Хикс жекпе-жегі 14 қыркүйек күні Нью-Йоркте (АҚШ) әйгілі Madison Square Garden аренасында өтеді. Ал Қазақстанда «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілетін болады. Басталуы - Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 06:00-де.

25 мамырда өткен бұған дейінгі айқасында Елеусінов алты раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен чилилік боксшы Луис Нормабуэнаны жеңген еді.




Соңғы жаңалықтар