Елеусінов америкалықпен жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов америкалық боксшы Джован Джонмен жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Боксшылардың салмағы бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіне тура келді. Дәурен Елеусінов (6-0-1, 5 КО) пен Джован Джонның (2-4-1) жекпе-жегі ертең Стоун Маунтэйн (Джорджия штаты) қаласында өтеді. Кездесу төрт раунд деп белгіленген.
Еске сала кетейік, 6 сәуір күні Дәурен кәсіпқой рингке екі жылдық үзілістен кейін қайта оралып, бірінші раундта америкалық Лионель Хименесті нокаутқа жіберген болатын (4-23-1, 4 КО).