08:52, 13 Наурыз 2016 | GMT +5
Елеусінов пен Левит Финляндиядағы турнирді сәтті бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хельсинкиде 35-ші халықаралық GeeBee бокс турнирі өтуде. Оған 17 елден 83 боксшы қатысуда, соның ішінде Қазақстаннан Біржан Жақыпов, Данияр Елеусінов, Берік Әбдірахманов және Василий Левит бар.

Алдын ала ұрыстарда Біржан Жақыпов британдық спортшыдан, ал Берік Әбдірахманов - норвегиялық боксшыдан жеңіліп қалды.
Василий Левит пен Данияр Елпеусінов GeeBee турнирінің финалына сеніммен жылжып келеді. Елеусінов шведпен жекпе-жекте, ал Левит - Уэльс боксшысын жеңді, деп хабарлады Қазақстандық бокс федерациясы.