Елеусіновтың менеджері оның кәсіби бокстағы кезекті кездесуі қашан өтетінін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияр Елеусіновтың менеджері Зия Алиев қазақстандық боксшыны кәсіби рингтегі кезекті кездесуінің қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Елеусіновтың менеджері оның кәсіби бокстағы кезекті кездесуі қашан өтетінін айтты

«Данияр Елеусіновтың келесі кездесуі маусым айының шамамен 6-да өтуі мүмкін. Бұл мерзім әзірге нақты келісілген жоқ. Жекпе-жек Лондонда өтуі ықтимал»,-деген ақпараттарымен бөлісті менеджер.

Айта кетейік, Дэниел Джейкобс пен Матея Сулецкидің жекпе-жегінің андеркартында өзінің кәсіби рингтегі алғашқы кездесуін өткізген Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов қарсыласы Ноа Кидті (3-0-1, 2 КО) нокаутқа жіберіп, сенімді түрде жеңіске жетті.