00:55, 28 Маусым 2018 | GMT +5
Елеусіновтың менеджері оның жаһандық деңгейдегі жұлдызға айналатынын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың (2-0, 1 КО) менджері Зия Алиев өзінің клиентінен болашақта не күтетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
«Ол керемет боксшы болмаған шығар, бірақ оның бойында ерекше дарын бар және мен оны көре білдім. Даниярдың басты басымдығы оның жылдамдығы. Ол ақылды, өте ақылды. Оның спаррингтері бейне бір шахмат ойынындай. Қазақстандағы Олимпиада чемпионы, сол едің батыры, атақ-даңқың жетеді. Саған тіпті кәсіби боксқа ауысудың да қажеті жоқ. Онсыз да бәрі жақсы, халық сені сыйлайды, құрмет тұтады. Эдди Хирн болса боксқа жаңа леп әкелді. Оның Энтони Джошуаны қандай биіктерге жеткізгендігін көрдік. Керемет! Әңгіме тек белдіктер туралы ғана болып жатқан жоқ. Эдди Хирн одан жаһандық деңгейдегі жұлдыз жасады. Ол оны бүкіл әлемге әйгілі етті. Меніңше, ол Даниярмен де осындай биіктерді бағындыра алады»,-деді Алиев Boxing News-ке берген сұхбатында.