Елеусіновтың промоутері ендігі кездесудің қайда және қашан өтетінін айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияр Елеусінов өзінің кезекті жекпе-жегін 28 маусымда Лондонда өткізеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Boxingscene.com. сайтына сілтеме жасап.
Кәсіби рингтегі өзінің үшінші кездесуін Елеусінов тағы да Британия астанасында, О2-аренасында өткізеді. Бұл туралы Sky Sports эфирінде Елеусіновтың промоутері Эдди Хирн қазақстандық боксшы Золтан Шабоны жеңгеннен кейін айтты.
Айта кетейік, Лондонның «York Hall» аренасында Данияр Елеусінов венгриялық Золтан Шабомен (23-11-0 10 КО) кездесті. Жеңіске жету үшін қазақстандық боксшыға бүкіл раундтарды аяғына дейін жеткізу қажет болды.