Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз

 informburo.kz
Фото: informburo.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Kazinform сауалына жолдаған жауабында елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамды екені туралы мәлімет айтылған.

«2024 жылда 2 800 этникалық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 131,1 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (49,6%) Қытайдан, 31,9% – Өзбекстаннан, 6,5% – Моңғолиядан, 3,9% – Ресейден, 6,8% – Түрікменстаннан және 1,3% басқа елдерден», - деп жазылған жауапта.

Ведомствоның мәліметі бойынша, қандас мәртебесі бар отандастарымыздың арасында 79 адам мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алып отыр.

«Осы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,7%, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,9% және зейнеткерлер 9,4%. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16,9%-ы жоғары білімді, 21,3%-ы орта кәсіби білімді, 55,3%-ы жалпы орта білімді, және 6,5% білім жоқ. Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды. Бүгінгі танда қандастар арасынан 79 адам атаулы әлеуметтік көмек алып жатыр», - делінген министрлік мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар