Елібай ақын (Ли Бай ? Ли Бо) туралы «Табылмай келген қазына» атты ғылыми-деректі фильмнің тұсаукесері өтті
АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін ҚР Президенттік мәдениет орталығында Елібай ақын (Ли Бай – Ли Бо) туралы «Табылмай келген қазына» атты ғылыми-деректі фильмнің тұсаукесері өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Әрине, бүгінгі кітаптың және фильмнің таныстырылымынан кейін әлем әдебиетінің тарихы қайта жазылмайды. Бүкіл дүниежүзінің әдебиеттанушылары Қытайдың бас ақыны деп таныған Ли Боның ұлты қытайлықтан қазақ деп өзгертілмейді. Бірақ оның өміріндегі осы уақытқа дейінгі ғалымдарға әртүрлі пікір тудырып келген жаңа бір дерек ? қазақ топырағында туғандығы жөнінде мағлұмат қосылады. Мінекі, осыған байланысты бұл фильмді үлкен қазына деп есептейміз», - деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.Сондай-ақ министр таныстырылым барысында фильмнің авторы Өмірбек Байгелдиге «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» төс белгісін тапсырды.