Еліміз атынан қатысып жатқан спортшылар құрамасының көптігіне қарап, біз алғашқы орыннан көрінеміз деп айтуға болады - продюсер

АЛМАТЫ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Астана қаласындағы «Астана-Арена» стадионында таңқаларлық көрініспен ашылып жатқан 7-Қысқы Азия ойындарының ашылуын тебірене көріп отырмын.

Еліміз атынан қатысып жатқан спортшылар құрамасының көптігіне қарап, біз алғашқы орыннан көрінеміз деп айтуға болады - продюсер

Бұл жайында Алматыдағы халықаралық ақпарат тарату орталығында Азиада ойындарын тікелей эфирде көріп отырған «Наша казаша» теле бағдарламасының продюсері Даут Шахисламов ҚазАқпарат тілшісіне пікір білдіру кезінде айтты.

Д.Шахисламов ойынның ашылуына қарап, еліміздің бұл ойынға өте жоғары дайындықпен келгенін білуге болатындығын айтады. «Экран алдында отырып, таңғажайып көрініс пен ұйымдастыру жұмыстарына куә болып отырмын. Спортшыларымыздың дайындығы да осындай дәрежеде деп білемін»,-дейді продюсер.

Сондай-ақ ол қазақстандықтардың бұл додада жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетіндігін жасырмады. «Еліміз атынан қатысып жатқан спортшылар құрамасының көптігіне қарап, біз алғашқы орыннан көрінеміз деп айтуға болады. Отандастарыма «Алға, Қазақстан! Сендер мықтысыңдар деген тілегімді білдіремін»,- дейді Д.Шахисламов.