Еліміз аумағында 10 ер адам суға батты - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - Демалыс күндері еліміздің су айдындарында 10 ер адам суға батып кетті.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қайғылы оқиғалар Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Жамбыл және Қызылорда облыстарында болды.
Көз жұмғандардың ең жасы - 19-да. Ер азамат жексенбі күні Солтүстік Қазақстан облысының Горькое ауылының маңындағы тоғанға батып кетті. Оның мәйіті судан ҚР ТЖМ СҚО ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен шығарылды.
Қайғылы оқиға сондай-ақ Қарағанды облысының Самарқанд кентінде орын алды. 22 маусым күні Нұра өзенінде әйелін судан құтқару кезінде 1951 жылғы ер адам батып кетті. Келесі күні оның денесі судан ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің 4 маманы мен бір техникасының күшімен шығарылды.