Еліміз бойынша ең көп неке қиылған аймақ - Оңтүстік Қазақстан облысы
Бұл 1995 жылғы көрсеткіштен 25 пайызға көп болып отыр. Бұл мәліметтермен бүгін журналистермен болған брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет таныстырды.
Оның деректері бойынша, Астана қаласында 1998 жылы некеге тұрған азаматтар 3 мың 258 адамды құраса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 7 мың 58-ге жеткен. Өсім 50 пайызды құрап отыр. «Еліміз бойынша ең көп неке қиылған аймақтардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы келеді. Онда 2010 жылы 21 мың 690 неке қиылған. Ал ең аз некелескен азаматтар Солтүстік Қазақстан облысында тұрады. Онда отбасын құрған азаматтар саны небәрі 4 мың 492-ні құрады», - деді ресми өкіл.
Оның мәліметтерінше, биылғы жылы кісі өлімі көрсеткіші 2000 жылмен салыстырғанда едәуір азайған. Мысалы 2000 жылы елімізде мерт болған азаматтар саны 147 мың 474-ті, ал туылған азаматтар 219 мың 871-ді құрап, өсім 70 мыңнан асқан. Ал 2010 жылы өсім 2,5 пайызға артқан. «Биылғы жылдың 1-ші тоқсанында «Электронды үкімет» жүйесі арқылы азаматтардың хал актілері жағдайына байланысты 365 анықтама берілген. Биылғы жылдан бастап, АХАЖ-ға некеге тұру туралы тапсырысты электронды цифрлі қолтаңбаны пайдалана отырып интернет арқылы да беруге болады», - деді Е.Ерімбет.