Еліміз бойынша ОҚО жеңіл өнеркәсібі көш басында
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Отандық өнеркәсiп бiрте-бiрте аяғына тұра бастады. Оның бiр дәлелi - Қазақстанның жеңiл өнеркәсiбi. Мәселен, елiмiздiң жеңiл өнеркәсiбi саласы бойынша өндiрiлген өнiм көлемi 2008-2014 жылдар аралығында 2,4 есе артқан.