Еліміз өңірлеріндегі балалардың медициналық-әлеуметтік мекемелерінде бірқатар кемшіліктер бар

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, өңірлерді аралау кезінде бірқатар кемшіліктер анықталған. Мәселен, Астана қаласындағы балалардың психоневрологиялық мекемесінде келісімге сәйкес күндізгі бөлімде 100 бала болуы тиіс болса, қазіргі күнде онда небәрі 60 балаға қызмет көрсетілуде. Қарағанды облысында ақыл-ойы кемтар балалар тәрбиеленетін интернат кадрлармен толық қамтамасыз етілмеген. Психологтың, логопедтің кабинеттері құрал-жабдықтармен жабдықталмаған. Қозғалыс жөніндегі маманның кабинеті жоқ. «Мұнда тағы бір атап өтерлігі, азық-түліктің жекелеген түрлері бойынша тамақтандыру нормасы бірде жоғары, бірде төмен. Көп мөлшерде сатып алынбауы тиіс тез бұзылатын тағамдардың нормалары жоғарылатылған», деді ол. Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысындағы күндізгі жататын бөлімде келісімге сәйкес 100 бала болуы тиіс. Алайда қазіргі таңда онда 16 балаға ғана қызмет көрсетілуде. Бұл ретте бұл бөлімді мүмкіндігі шектеулі балалармен қамту жөнінде ескерту айтылған.
Қ. Манабаеваның сөзіне қарағанда, Алматы қаласында басқа өңірлерге қарағанда жағдай аса мәз емес. Күндізгі жататын бөлімдегі балалар топтары жас, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жасақталмаған. Балалардың жас айырмашылығы шамамен 10 жасты құрайды.