Еліміз желтоқсан айында 37 мың тоннадан астам бензинді импорттайды - С. Мыңбаев

А. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылдың желтоқсан айында Аи-92,93 маркалы бензинді тұтыну көлемі 180 мың тоннаны құрайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  Министрдің айтуынша, желтоқсан айында жоғары октанды бензинді тұтыну көлемі 180 мың тоннаны құрайды. Бұл Аи - 92 және 93 маркалы бензиндеріне қатысты. Аталған 180 мың тоннаны әр қала мен облыстарға үлестірудің жоспары жасалған.

 Сонымен, алдағы айда Астана - 11 мың тонна , Алматы - 40 мың, Алматы облысы - 15, Оңтүстік Қазақстан облысы - 18, Жамбыл облысы - 14, Қарағанды мен Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары - 10 мыңнан, ал Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары - 7 мың, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы 8 мың тонна бензинді тұтынатын болады.

 Оның сөзіне қарағанда, желтоқсанда Павлодардың мұнай өңдеу зауыты - 83 мың тонна, Атырау зауыты - 18 мың тонна, Шымкент мұнай өңдеу зауыты 41 мың тонна бензин өндіреді. «Жетпейтін 37,5 мың тоннаны біз өндіре алмаймыз. Сондықтан оны алдағы айдың барысында импорттаймыз», деді С. Мыңбаев.

 Айта кетейік, 5 күннен кейін енді еліміздің барлық аймақтарында Аи-92, 93 маркалы бензиннің бағасы 82 теңге көлемінде болады.

Соңғы жаңалықтар