Еліміз жыл сайын жол апатынан 7 млрд. доллар жоғалтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміз жыл сайын жол апатынан 7 млрд. доллар жоғалтады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қауіпсіз жол қозғалысы» ТРАСЕКА жобасының жетекшісі Алан Росс мәлім етті.

Еліміз жыл сайын жол апатынан 7 млрд. доллар жоғалтады

«Шын мәнінде елдің адамдары мен экономикалары зардап шегуде. Сіздердің елдеріміздің экономикасы жыл сайын 7 млрд. доллар жоғалтады. Бұл - сіздер жолға салуға жоспарлап отырған инвестицияларыңыздың жартысы. Бұл ақшаны инфрақұрылымдар мен қызметтерге пайдалануға болар еді. Сіздердің экономикаларыңыздың 5 пайызы - бұл қазіргі дағдарыс жағдайында жол-көлік апатынан жоғалтып отырған мол қаржы», - деді ол.

Оның атап өтуінше, жол апатынан көптеген адамдарды жоғалту - бұл тек қана экономика емес сонымен бірге елдің денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласының да күрделі проблемасы. Сондықтан А.Росс Қазақстанға халықаралық тәжірибені, әсіресе, 5 жылдың ішінде жол апатынан өлім-жітімді айтарлықтай төмендеткен Францияның тәжірибесін зерделеуді ұсынды.

«Қазақстанда жол апатынан жастар, талантты адамдар опат болуда. Елдің болашағы саналатын олардың жасы 15-44 жастың аралығында», - деп қосты ол.

Осы ретте шетелдік маман елімізде заманауи қауіпсіз жолдар салынуы қажеттігін баса айтты. «Жол салуға шығындалған 1 миллион, ауруханаларда 25 миллион үнемдеуге мүмкіндік береді. Қауіпсіз жолдар салу қажет», - деді А.Росс.