Елімізде 1 020 сырқат коронавирустан емделіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қарашадағы мәлімет бойынша, 1 020 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде 1 020 сырқат коронавирустан емделіп жатыр

Оның ішінде 165 пациент стационарда, 855 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

882 науқаста коронавирус оң нәтиже көрсетсе, 138 науқас КВИ теріс нәтижесі шықты.

Індетке шалдыққандар арасында:

-6 адамның жағдайы ауыр,

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.