Елімізде 1 жасқа дейінгі шетінеген нәрестелер саны 18 пайызға кеміді

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Елімізде 2013 жылғы қаңтар-мамырда қайтыс болғандар саны 60,1 мың адамды құрады, сондай-ақ былтырғы осы кезеңге қарағанда 2,8 пайызға кеміді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
None
None

Бұдан бөлек ағымдағы жылғы қаңтар-мамырда республикада 1 жасқа дейінгі 1904 (2012 ж. қаңтар-мамырда - 2323) нәресте өлімі тіркелді. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәрестелер саны 18 пайызға кеміді. Нәресте өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар болып табылады. Одан 1079 (1345) нәрестенің өмірі қиылған немесе нәрестелер арасындағы өлім-жітім жағдайы жалпы санының 56,7 пайызын құрайды.

Соңғы жаңалықтар