Елімізде 100-ге жуық құрылыс компаниялары қызметтерін жалғастыруда - С. Нокин

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазіргі кезде елімізде 100-ге жуық құрылыс компаниялары өз қызметтерін жалғастырып келеді.

Елімізде 100-ге жуық құрылыс компаниялары қызметтерін жалғастыруда - С. Нокин

Бұл туралы бүгін Астанада өткен онлайн-конференцияда Құрылыс және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

«Бүгінде 100-ге жуық құрылыс компаниялары өз қызметтерін абыроймен атқарып, нысандардағы құрылыс жұмыстарын жалғастыруда»,-деді ведомство басшысы. С. Нокиннің айтуынша, дағдарысқа дейінгі кезеңде құрылыс жұмыстарымен айналысуға лицензиясы бар 17 мыңға тарта компания тіркелген көрінеді. Алайда агенттік басшысы бұл компаниялардағы құрылыс қарқыны қандай деңгейде болғаны жөнінде хабарсыз екенін айтты.