Елімізде 120-дан астам кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын уақытылы бермей отыр
АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Елімізде 120-дан астам кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын уақытылы бермей отыр.
Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Гүлшара Әбдіқалықова айтты.
Оның атап өтуінше, еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторлар ағымдағы жылдың 6 айында жалпы сомасы 3,6 млрд. теңгені құрайтын өз қызметкерлерінің жалақысын бермей, кешіктіріп отырған 390-нан астам ұйымды анықтаған.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 2 млрд. теңгені құрайтын берешегі бар 282 кәсіпорын өз қызметкерлері алдындағы міндеттемелерін орындады. Қазіргі уақытта қарыздары өтелмеген 121 кәсіпорын бар», - деді Г.Әбдіқалықова.