Елімізде 18,6 мың шақырымнан астам автомобиль жолы цифрландырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде 18,6 мың шақырымнан астам автомобиль жолы цифрландырылды. Бұл туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» кәсіпорнынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде кәсіпорын қолда бар жабдықтардың нәтижесінде 18,6 мың шақырымнан астам жолды цифрландырды», - деп атап өтті кәсіпорынның баспасөз қызметті агенттіктің ресми сауалына орай.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында жолдарды цифрландыру мынадай бірқатар перспективалық мүмкіндік ашатынын атап өтеді:
Геоақпараттық жүйе (ГАЖ картасы): жолдардың жай-күйі туралы жинақталған деректерді онлайн режимінде қолжетімді ГАЖ картасына оңай біріктіре алады. Бұл жол жамылғысының жай-күйі туралы ақпаратқа қол жеткізудің ашықтығы мен ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
Деректерді пайдаланушының баптауы: пайдаланушылар қажеттіліктеріне орай картада әртүрлі көрсеткіштерді таңдау және көрсету мүмкіндігі бар. Бұл дегеніміз деректерді тегістік, ақаулар немесе өлшемдер сияқты нақты критерийлерге бейімдеуге болады.
Автожолшыларға арналған ақпараттық платформа: жолдардың жай-күйі туралы есептер автожол құрылысы және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін пайдаланушылар үшін құнды ақпараттық платформаға айналады. Бұл деректер негізделген шешім қабылдауға және жөндеу жұмыстарын жоспарлауға көмектеседі.
Жөндеулерді мониторингілеу және негіздеу: жолдардың жай-күйі туралы жиналған деректер олардың ағымдағы жай-күйін тұрақты мониторингілеу және бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл тиісті жөндеу жұмыстарын тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болады.
«Сондай-ақ, жыл сайын диагностика деректері мемлекеттік тапсырманы қалыптастыру және нақты нәтижелерге сүйеніп, жолдардың қажеттіліктерін орай жөндеуге бюджет қаражатын бөлу үшін ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетіне беріледі», - деді кәсіпорыннан.