11:01, 16 Сәуір 2022 | GMT +5
Елімізде 2 мыңға жуық сырқат коронавирустан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы соңғы ақпарат жарияланды.

16 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 921 адам коронавирус инфекциясынан (925 коронавирус және 996 КВИ белгілері бар пневмония) емделіп жатыр.
Оның ішінде 141 пациент стационарда, 1 780 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
-14 адамның жағдайы ауыр
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр
- 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.