Елімізде 2009 жылдың қазанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 67167 теңгені құрады
АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда 2009 жылдың қазанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 67167 теңгені құрады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, бұл жалақы өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 9 пайызға, нақты көріністе 3 пайызға өсті, қаңтар-қазанда тиісінше 65802 теңгені және 10,2 пайызды, нақты жалақы индексі 102,4 пайызды құрады.
«Салалық құрылымда жалақының ең үлкен мөлшері бұрынғыдай қаржы қызметінде - 130,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады) сақталуда, кен өндіру өнеркәсібінде - 125,3 мың теңге (1,8 есе), жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыру саласында - 107,8 мың теңге (1,6 есе), құрылыста - 94,2 мың теңге (1,4 есе) және көлік пен байланыста - 85,1 мың теңге (1,3 есе). Ең төменгі жалақы балық өсіру және балық аулау қызметкерлерінде сақталуда - 29,3 мың теңге, бұл ел бойынша көрсеткіштен орта есеппен 56,3 пайызға аз», делінген Агентіктің хабарламасында. Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында - 136,6 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,0 есеге жоғары. Жамбыл облысында мұның шамасы 43,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35,8 пайызға төмен.