Елімізде 2009 жылдың мамыр айында инфляция 0,7 пайызды құрады

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде 2009 жылдың мамыр айында инфляция 0,7 пайызды құрады,

Елімізде 2009 жылдың мамыр айында инфляция 0,7 пайызды құрады
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің мәліметі бойынша, жыл басынан бері еліміздегі инфляцияның деңгейі - 3,5 пайызды, ал 2008 жылдың мамырынан бері 8,4 пайызды құраған. Мамыр айында азық-түлік тауарларының бағасы 0,9 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 0,4 пайызға, ақылы қызметтер 0,6 пайызға өскен. «Азық-түлік тауарлары нарығында өткен айда күріштің бағасы 4,5 пайызға, жемістер мен көкөністер - 3,7, қант ? 2,7, алкогольсіз сусындар ? 1,1, ет өнімдері ? 1 пайызға өсті. Күнбағыс майы ? 3,9, ұн ? 1,8, сүт өнімдері ? 0,9, қарақұмық жармасы ? 0,7, нан ? 0,5 пайызға арзандады. Медициналық препараттардың бағасы 1,9 пайызға, жеке тазалық тауарлары, жуғыш және тазалағыш құралдар - 1,9, киім-кешектер мен аяқ киімдер - 0,9, үйде күнделікті пайдаланылатын заттар ? 0,8, кітаптар мен газеттер ? 0,7 пайызға қымбаттады. Бензин ? 2,8 пайызға, дизель отыны - 3,5 пайызға арзандады», делінген агенттіктің хабарламасында. Агенттіктің мәліметі бойынша, баға деңгейі көлік қызметтеріне ? 2, денсаулық сақтау, мейрамханалар мен қонақүйлер қызметтеріне ? 0,9, мектепке дейінгі балалар мекемесіне және мәдениет қызметтеріне ? 0,7, қызмет көрсетулерге ? 0,4 пайызға өсті.