Елімізде 2009 жылғы қазанда халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары 34 мың 794 теңгені құрады

АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде 2009 жылғы қазанда халықтың жан басына шаққандағы  орташа атаулы ақшалай  табыстары алдын ала деректер бойынша 34 мың 794 теңгені құрап, өткен жылғы  тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,2 пайызға артты.

Елімізде 2009 жылғы қазанда халықтың жан басына шаққандағы  орташа атаулы ақшалай  табыстары 34 мың 794 теңгені құрады

 Нақты ақшалай табыстары 3,2 пайызға өсті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 Агенттіктің мәліметінше, 2009 жылғы қазанда жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыстардың көлемі бойынша Атырау облысы, Астана және Алматы қалалары алдыңғы қатардан орын алып отыр, осы көрсеткіш орташа республикалық  деңгейді 1,8-2,3 есеге арттырды. «2009 жылғы қазанда табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден  орташа 74,3 пайызды және 81,1 пайызды құрады. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында белгіленді», делінген Агенттіктің бүгін таратқан хабарламасында.  

 2009 жылғы қазанда өңірлер бойынша атаулы ақшалай  табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы қатынас 3,1 есені құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2008 жылғы қазанда 3,2 есе болған.