Елімізде 2009 жылы 2072 АҚТҚ жұқпасын тасымалдаушылар анықталды
АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде 2009 жылы 2072 АҚТҚ жұқпасын тасымалдаушылар анықталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Республикалық СЭС-тің деректері бойынша, 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда ротавирус энтеритімен ауырған адамдардың саны - 53,4 пайызға, кене вирусының энцефалитімен ауырғандардың саны - 44,1 пайызға, эхинококкозбен ауырғандардың саны - 10,7 пайызға өскені байқалды. ЖҚТБ-мен ауырғандар саны 166 оқиғаны құрады, 2072 АҚТҚ- жұқпасын тасымалдаушылар (2008 жылғы тиісті кезеңде - 2318) анықталды», делінген ҚР Статистика агенттігінің таратқан хабарламасында.
Агенттіктің мәліметінше, өткен жылғы қарастырылып отырған кезеңде тіркелген жұқпалы аурулардың арасында аса кең тарағаны жоғары тыныс жолдарының өткір жұқпасы (100 мың адамға шаққанда 9281,8 оқиға) болды.