Елімізде 2010-2014 жылдары 2 млн. шаршы метр шамасында мемлекеттік тұрғын үй салынады - С. Нокин
Оның сөзіне қарағанда, соның ішінде 1,1 млн. шаршы метр кредиттік тұрғын үй және 864,2 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салынбақ. «2011 жылдан бастап «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» қатысуымен жергілікті атқарушы органдар мен жеке инвесторлар арқылы тұрғын үйді салу және сату схемасы бойынша кредиттік тұрғын үй салу көзделіп отыр. Ілкі жобаларды іске асыру үшін Республикалық бюджеттік комиссиясында Агенттіктің 2011 жылы 20,8 млрд. теңге бөлу туралы өтініміне қолдау көрсетілді. Ілкі жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салынған тұрғын үйге төлем қабілеті бар сұранысты қамтамасыз ететін салымшылардың пулын қалыптастырады. Бұл жеке құрылыс салушылардың қызығушылығын, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары санының өсуін қамтамасыз етеді, осының нәтижесінде тұрғын үй құрылысының көлемі өседі», деді С. Нокин. .
С. Нокин осы механизіммен қатар, Агенттік «ASI» Инвестициялық-құрылыс компаниясымен» бірлесіп құрылыс салудың жаңа схемасын және жеке инвесторлардың тұрғын үй сату схемасын әзірлегенін атап өтті. «Әкімдіктерде кезекте тұрған әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтар үшін мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үй салынуда. Жалға берілетін тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау көлемі іс жүзінде бұрынғы деңгейде сақталады», деді ол. Оның пікірінше, салынып жатқан тұрғын үйді дер кезінде пайдалануға беруді қамтамасыз ететін негізгі фактор - тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың болуы. Республикалық бюджет комиссиясының отырысында бағдарламаның жобасына сәйкес 2011-2012 жылдары инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға 10 млрд. теңге, кейінгі жылдарға жыл сайын 30 млрд. теңгеден бөлу мәселесі қолдау тапқан.