Елімізде 2010 жылы темір жол саласындағы тарифтерді 17,6 пайызға, ал 2011 жылдан бастап жыл сайын 15 пайызға көтеру көзделуде

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде темір жол көлігі саласындағы тарифтерді 2010 жылы 17,6 пайызға көтеру жоспарланып отыр,
None
None

 деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

«Темір жол саласының инвестициялық сұранысын қамтамасыз ету үшін ең алдымен 2010 жылы тарифтерді 17,6 пайызға, 2011-2014 жылдары жыл сайын 15 пайызға көтеру қажет», деді бүгін Үкімет отырысында Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов.

Оның айтуынша, екіншіден 160 млрд. теңге мөлшеріндегі республикалық бюджетің қаржысы есебінен 2020 жылға дейін жолаушылардың жылжымалы құрамын жаңғырту қажет. Үшіншіден, 2010 жылдан бастап  вагон құрамдауыштар бойынша, 2013 жылдан бастап тасымалдау қызметі бойынша тарифтерді қайтадан реттеуді жүзеге асыру қажет. Төртіншіден, 2013 жылдан бастап жолаушылар тасымалын 100 пайыз субсидиялау керек. Бұл ретте ішінара мемлекеттік субсидиялау 2010 жылы 16,7 млрд. теңге, 2011 жылы 19,4 млрд. теңге, 2012 жылы 22,2 млрд. теңгені құрайды. Бесіншіден, магистралді темір жол желілеріне шектеусіз қол жеткізуге жол ашу керек. Бұл ретте аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін салаға мақсатты моделді енгізуде Үкімет деңгейінде және «Қазақстан темір жолы» компаниясы деңгейінде шешімдер қабылдау көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар