Елімізде 2015 жылғы қыркүйектегі инфляция 1,0% құрады

Бұл ретте, азық-түлік тауарларының бағасы 0,6%-ға (0,3%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 2,0%-ға (0,5%-ға) өсті. Ақылы қызмет көрсету тарифтері - 0,7%-ға (0,7%-ға) көтерілді. Азық-түлік тауарларының ішінде көп дәрежеде қант - 13,4%-ға, жұмыртқа - 10,8%-ға, жемістер - 2,5%-ға, балық және теңіз өнімдері - 2,0%-ға, шай - 1,9%-ға, күріш - 1,4%-ға, алкогольсіз сусындар - 1,3%-ға, май және тоң майлар - 1,0%-ға, сүт өнімдері және жарма - 0,7%-ға, ет және ет өнімдері - 0,5%-ға қымбаттады. Көкөністердің бағасы 8,3%-ға, оның ішінде сәбіз - 20,9%-ға, қызылша - 15,1%-ға, пияз - 11,4%-ға, орамжапырақ - 10,7%-ға, картоп - 8,9%-ға төмендеді. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар нарығында дәрі-дәрмектердің бағасы 1,9%-ға, тұрмыстық үй заттары - 1,1%-ға, сыртқы киім және аяқ киім - 1,0%-ға өсті. Бензиннің құны 13,2%-ға, дизель отыны - 1,1%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық саладағы қызметке ақы төлеу 0,5%- ға көтерілді. Бұл ретте тарату желілері бойынша тасымалданатын газ тарифтері - 3,4%-ға, суық су - 2,2%-ға, тұрғын үйді жалға алу - 0,5%-ға, электр энергиясы - 0,4%-ға, қоқыс жинау және кәріз -0,3%- ға өсті. Бұдан басқа, ақылы қызмет көрсету құрылымында білім беру қызметінің бағасы 2,3%-ға, көлік - 0,9%-ға, мәдениет саласындағы қызмет - 0,5%-ға, амбулаторлық қызмет - 0,3%-ға өсті. 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте инфляция 2,9% (2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте - 5,9%) болды. Азық-түлік тауарлары 2015 жылдың басынан бастап 1,5%-ға (5,6%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 3,4%-ға (6,7%-ға), ақылы қызмет көрсету - 4,0%-ға (5,4%-ға) қымбаттады.